Ирак билігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аясында бірнеше саясаткер мен үкімет шенеуніктерін ұстады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Операция елдегі сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабу мақсатында жүргізілді. Ұсталғандар арасында жоғары лауазымды тұлғалар бар. Толық тізім әлі жарияланған жоқ, бірақ Reuters дереккөздері бұл ірі шара екенін растады.
