Иорданияның орталығындағы шіркеуде өткен жерлеу рәсіміне қарулы шабуыл жасалып, алты адам қаза тапты, деп хабарлады үкімет өкілі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға Каррак губернаторлығындағы шіркеуде жұма күні болған. Тағы 28 адам жарақат алды.

Куәгерлердің айтуынша, белгісіз қарулы адамдар көлікпен келіп, шіркеу ішінде оқ жаудырған, содан кейін оқиға орнынан қашып кеткен.

Үкімет өкілі Мохаммад әл-Момани бұл шабуылды «қатыгез» деп атап, оқиға орнына қауіпсіздік күштері жіберілгенін мәлімдеді.