Иордания үкіметінің өкілі Ақаба әуежайы мен теңіз портын эвакуациялау туралы бұйрық берілмегенін мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Өкілдің айтуынша, эвакуация туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазіргі уақытта Ақаба әуежайы мен порты қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.
