Intel және AMD компаниялары қытайлық клиенттермен серверлік процессорларды жеткізу бойынша ұзақ мерзімді келісімшарттарға қол қойды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Дереккөздердің айтуынша, келісімшарттар чиптер бағасының күрт өсуі кезінде жасалған. Бұл қадамдар нарықтағы тұрақсыздықты азайтуға және ұзақ мерзімді жоспарлауды қамтамасыз етуге бағытталған. Қытайлық клиенттердің нақты атаулары ашылмады, бірақ олар ірі технологиялық компаниялар болуы мүмкін.