Intel компаниясы ноутбуктерге арналған чиптер өндірісінде ASML-дің келесі буын литографиялық құралын қолдана бастады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа құрал Intel-ге өнімділікті арттыруға және энергия тұтынуды азайтуға мүмкіндік береді. Бұл қадам компанияның жартылай өткізгіш нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін күшейту стратегиясының бір бөлігі болып табылады.