Intel компаниясы Ирландиядағы өндіріс орындарына жасанды интеллектке негізделген $5,7 миллиард көлемінде күрделі инвестиция салатынын мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Инвестиция жасанды интеллект саласындағы өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыруға және Intel-дің жаһандық өндірістік желісін нығайтуға бағытталған. Бұл қадам компанияның Еуропадағы өндірістік қуатын арттыру стратегиясының бір бөлігі болып табылады.