«Яндекс Go» қосымшасы істен шығып, сұраныс артқан сәтте inDrive-та такси бағасы кей жерлерде бірден 3 есеге дейін қымбаттап кеткен. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл жағдайға Бәсекелестікті қорғау агенттігі араласты. Агенттік сервиске бағаны негізсіз өсірмеуді және тұтынушы құқығын таптамауды ескертті.

Өз кезегінде inDrive міндетті салықтарды төлеуге жеткілікті ең төменгі деңгейге дейін комиссияны төмендеткенін және жолаушылар мен жүргізушілер арасындағы саудаласудың шекті мөлшеріне қатысты шектеулер енгізгенін хабарлады.

«Алдын ала ескерту ықтимал құқық бұзушылықтардың алдын алуға, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және такси агрегаторлары нарығында адал бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған», — дейді агенттік.

Сонымен қатар «Яндекс» пайдаланушыларын сервис жұмысындағы іркілістер туралы ескертті. Бұл туралы 11 қазан күні сағат 12:28-де хабарланған.