Индонезияның Ява аралының жағалауындағы суларда жексенбі күні 271 адамды тасымалдаған паром өртеніп, кем дегенде 5 адам қаза тауып, ондаған адам хабарсыз кетті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Associated Press басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Құтқарушылар мен жанынан өтіп бара жатқан кемелер өртеніп жатқан кемеден жүздеген адамды эвакуациялады. Шығыс Ява провинциясының Сурабая қаласындағы Танджунг Перак портына жеткізілген 229 адам құтқарылды.
Өрт Mutiara Santosa 2 кемесінде болған. Оқиға Мадура аралының жағалауында тіркелген. Құтқарушылар әлі де хабарсыз кеткен жолаушыларды іздеу жұмыстарын жалғастыруда.
Құтқарылғандардың кейбірі Танджунг Перак портында медициналық көмек алды. Оқиғаның мән-жайы тергелуде.
