Индонезиядағы орман өрттерінен тараған улы түтін тамыз айынан бері шамамен 175 000 адамның тыныс алу жолдарының ауруларына шалдығуына себеп болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Улы түтіннің салдарынан Индонезия, Малайзия және Сингапурда ауа сапасы денсаулыққа зиянды деңгейге жетті.

BBC тілшісі Лиза Тамбунан орман өрттерінің әсерін және Индонезияның олармен күресу жолдарын түсіндіреді.