Бүгін таңертең Индонезияның Мадура аралының жағалауында паром өртеніп, бес адам қаза тауып, 41 адам із-түзсіз жоғалып кетті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, оқиға болған кезде кеме Индонезияның Сурабая портынан Макассар қаласына бара жатқан. Бортта шамамен 270 жолаушы мен экипаж мүшесі болған, олардың 225-і құтқарылған.
"Индонезияның Мадура аралының жағалауында паром өртенгеннен кейін кемінде бес адам қаза тауып, 41 адам хабар-ошарсыз кетті", - делінген агенттіктің мәлімдемесінде.
Агенттіктің мәліметінше, өрттің шығу себебі әлі белгісіз. Құтқарушылар жоғалғандарды іздеуді жалғастырып жатыр.
