Индонезияда орман өртін сөндіру жұмыстары кезінде төрт күн ішінде екі тікұшақ апатқа ұшырады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Екі тікұшақ та су алу кезінде өзенге құлаған. Бірінші апат салдарынан үш әскери қызметкер қаза тапты, тағы бесеуі аман қалған. Екінші тікұшақ бүгін басқа провинцияда апатқа ұшырады.
Оның бортындағы экипаждың үш мүшесі де аман қалды. Жергілікті Antara агенттігінің хабарлауынша, алғашқы Ми-17В5 тікұшағы әскерилерге, ал екінші Eurocopter EC225LP тікұшағы жеке компанияға тиесілі болған. Қазіргі уақытта екі апаттың да себебі анықталып жатыр.
