Индонезия билігі Сурабая қаласының Сан-Антонио ауданында спорттық аяқ киім дүкені жарылыстан қирағанын растады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Полицияның мәлімдеуінше, оқиға салдарынан бес адам ауруханаға жеткізілді. Жарылыс «газ ағып кетуінің» салдары болуы мүмкін деп күдіктеніледі. Оқиға орнында күдікті заттар немесе жарылғыш заттар табылмаған.
Полиция сонымен қатар жарылыстан кемінде 41 ғимарат зақымданғанын хабарлады.
