Индонезияның Сулавеси аралында 2026 жылдың 16 маусымында 6,7 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Associated Press басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Палу қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 43 шақырым жерде, тереңдігі 10 шақырым болған. Сілкініс бір минуттан астам уақытқа созылып, күшті дүмпулер тіркелді.
Жер сілкінісінен кемінде 32 адам жарақат алды, оның сегізі ауыр халде. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді. 109 адам эвакуацияланды. Ең қатты зардап шеккен Сиги аймағында сегіз адам ауыр жарақат алды, деп хабарлады Ұлттық апаттарды басқару агенттігінің өкілі Абдул Мухари.
Палу қаласындағы бірнеше аурухана науқастарды ашық алаңға эвакуациялады. Кейбір науқастар тамшылатқышпен көшірілді. Жер сілкінісі ғимараттар мен инфрақұрылымға зақым келтірді. Төрт аймақтың жалпы халқы 1,3 миллион адамды құрайды, олардың жағдайы әлі толық бағаланбаған.
Бұл аймақ сегіз жыл бұрын цунами мен жер сілкінісінен қатты зардап шеккен еді. 2018 жылы Палуда болған 7,5 балдық жер сілкінісі мен цунами 4000-нан астам адамның өмірін қиған.
