Индонезия билігі өрттің таралуына байланысты Бромо тауына барлық кіру жолдарын жауып тастады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бромо — Индонезиядағы ең танымал туристік орындардың бірі, ол Шығыс Ява провинциясында орналасқан. Өрттің кеңеюіне байланысты билік қауіпсіздік шараларын күшейтіп, тауға кіруді толығымен жауып тастады.