Америкалық миллиардер Илон Маск еуропалықтар мен неоконсерваторларды соғыс өртін тұтандырушылар деп атады. Ол X әлеуметтік желісіндегі қолданушылардың бірінің жазбасына пікір білдірді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қолданушы еуропалықтар мен неоконсерваторларды Украинадағы соғысты ұзартуға тырысып отыр деп айыптаған. «Олар — қантөгісті қалайтын, соғыс өртін тұтандырушылар», — деп жазды Маск өз парақшасында.
Бір күн бұрын Илон Маск соғысты ушықтыруға тырысқандарды қатты сынап, оларды жек көретінін ашық білдірген.
Сондай-ақ 24 қазанда соғысқа дем берушілерді америкалық салық төлеушілердің ақшасын жылыстатып, АҚШ-тағы саяси науқандарды қаржыландыру үшін Украинаны пайдаланып отыр деп айыптады.
