ІІМ онлайн-груминг қаупі туралы ескертті

Қазақстан Ішкі істер министрлігі онлайн-груминг қаупі туралы ескертті. Ведомствоның мәліметінше, қылмыскерлер алдымен баланың сеніміне кіріп, «жақын досқа» айналады. Кейінірек ол жеке сипаттағы сұрақтар қойып, күн тәртібін, тұрғылықты жерін, араласатын ортасын және басқа да мәліметтерді білуге тырысады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

ІІМ ата-аналарды балаларының онлайн қауіпсіздігіне мән беруге шақырады.