IBM жасанды интеллектті есептеулерді дамыту мақсатында 1 нанометрден кіші чип технологиясын ұсынды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жаңа технология чиптердің өлшемін айтарлықтай кішірейтуге мүмкіндік береді, бұл AI жүктемелерін өңдеуде тиімділікті арттырады. IBM бұл жетістік жартылай өткізгіш саласындағы маңызды серпіліс болып табылатынын атап өтті.
