Hyundai АҚШ-та 96,3 мың кроссоверді кері қайтарып алу науқанын жариялады. Себебі – бағдарламалық қамтамасыз етудегі қате, салдарынан жүргізу кезінде цифрлық приборлар панелі істен шығуы мүмкін. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
АҚШ Ұлттық жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасының (NHTSA) мәліметінше, бағдарламалық қамтамасыз етудегі қате салдарынан приборлар панелі толығымен өшіп қалуы мүмкін. Бұл жағдайда жүргізуші жылдамдықты, ескерту индикаторларын және басқа да маңызды ақпаратты көре алмайды. Реттеуші мұндай ақау жол-көлік оқиғасының қаупін арттырады деп есептейді.
Сервистік науқанға келесі танымал модельдер ілікті: - Hyundai Tucson - Hyundai Santa Fe - Hyundai Palisade - Hyundai Kona - Hyundai Venue
Hyundai ақауды тегін бағдарламалық жаңарту арқылы түзетеді. Көліктердің көпшілігі жаңартуды «әуе арқылы» (OTA) алады, ал егер бұл мүмкін болмаса, жаңартуды ресми дилерде орнатады. Иелерін пошта арқылы 22 тамыздан бастап хабардар ете бастайды.
Бұған дейін Курсив Авто Қазақстандағы Hyundai Tucson үшін сервистік науқан туралы хабарлаған болатын. Себеп – фронтальды соқтығысуды болдырмау жүйесінің ақауы қаупі.
