Йеменнің сыртқы істер министрі хуситтердің Қызыл теңізде Иранның Ормуз бұғазындағы бақылау үлгісін енгізуге ұмтылып жатқанын айтты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Министрдің айтуынша, хуситтер Қызыл теңіздегі кеме қатынасына бақылау орнату арқылы Иранның Ормуз бұғазындағы ықпалына ұқсас жағдай жасауға тырысуда. Бұл әрекеттер халықаралық теңіз жолдарының қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін.
