HSBC банкі Google Cloud-пен серіктестік орнатып, жасанды интеллектті қолдану аясын кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Серіктестік аясында HSBC Google Cloud платформасын пайдаланып, AI шешімдерін әзірлеу және енгізу жұмыстарын жүргізеді. Бұл банктің цифрлық трансформациясын жеделдетуге және клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.