Хромтауда балалар алаңының жанында дәрет сындырған ер адамдар тұрғындардан кешірім сұрады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында қоғамдық орында екі азаматтың табиғи қажеттілігін өтеп жатқан бейнежазбасын анықтаған. Хромтау аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары аталған азаматтардың жеке басын анықтады.

"Азаматтармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мұндай құқық бұзушылықтарға жол бермеу қажеттігі түсіндірілді", - дейді полицейлер. Олар өз қателіктерін түсініп, жасаған әрекеттеріне өкініш білдіріп, тұрғындардан кешірім сұрады.

Аталған азаматтарға қатысты ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.