Манчестер Ситидің жұлдызы Эрлинг Холанд жаңа Премьер-лига маусымына арнап шашын қысқартты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Associated Press басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Норвегиялық шабуылшының ұзын шашы оны соңғы жылдары спорт әлеміндегі ең танымал тұлғалардың біріне айналдырған еді. Алайда жексенбі күні, 23 тамызда, Борнмутқа қарсы ойын алдында ол жаңа шаш үлгісімен көпшілік алдына шықты.

Холандтың YouTube арнасында жарияланған видеода Златан Ибрагимович одан: "Бәс тігіп қалдың ба?" деп сұраған. "Енді жылдамырақ боласың ба, әлде қалай?" — деп қосқан ол.

Бұрынғы Манчестер Сити бапкері Пеп Гвардиола жаңа шаш үлгісіне: "Шашың бар екеніне бақыттысың. Мен де солай болғым келер еді!" — деп жауап берген.

Холанд Борнмутқа қарсы ойынға кепка киіп келген, бірақ жаттығу кезінде оны шешіп, жаңа шаш үлгісін көрсеткен.