Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Ресей Олимпиада комитетінің құқығын қалпына келтірді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ресей спорт министрі Михаил Дегтяревтің айтуынша, ХОК 2023 жылы қабылдаған ресейлік спортшыларды жарыстарға жібермеу және Ресей аумағында халықаралық жарыстар өткізуге тыйым салу туралы шешімінің күшін жойды. Оның сөзінше, ресейлік спортшылардың бейтарап мәртебесіне қатысты тексерулер де тоқтатылған.
Алайда ХОК таратқан хабарламада бұл шешімнің уақытша сипатқа ие екені көрсетілген.
