Ресей Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Родион Мирошник Украина шабуылынан соңғы алты айда Херсон облысында 545 тұрғын қаза тапқанын, оның ішінде 20 бала бар екенін, одан бөлек 3720 адам жараланғанын мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оның айтуынша, тек маусым айының өзінде азаматтық нысандарға кемінде 6500 оқ-дәрі атылған. "Алешки қаласы базарының үстінде украиналық дрондар бірнеше сағат бойы ұшып жүріп, сыртқа шығуға тырысқан адамдардың барлығына шабуыл жасаған", – деді Мирошник.
Херсон облысының губернаторы Владимир Сальдо жыл басынан бері атыс салдарынан 20 жедел жәрдем көлігі зақымданғанын, алты медицина қызметкері қаза тауып, тағы 20-сы жараланғанын айтты.
Херсон облысы 2022 жылдың қыркүйегінен бастап Ресей құрамына өткен.
