Денсаулық сақтау министрлігі «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында салынатын нысандардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазіргі кезде республика бойынша 70-ке жуық жаңа денсаулық сақтау нысандарын салу жоспарланып отыр.

Салынатын нысандар тізімі

  • 011 700 төсекке арналған 8 заманауи перинаталдық орталық: Астана (2), Алматы, Шымкент, Қарағанды, Қаскелең, Қызылорда және Орал.
  • 021 550 төсек болатын 7 көпбейінді балалар ауруханасы: Атырау, Ақтөбе, Алматы, Шымкент, Қаскелең, Семей және Ақтау.
  • 03200 төсекке арналған балаларға шұғыл көмек көрсету орталығы және 350 төсекке арналған балалар хирургиясы орталығы (Астана).
  • 04Балаларды оңалтудың ұлттық орталығының 750 төсекке арналған 5 жаңа үлгілік өңіраралық филиалдары: Алматы, Ақтау, Атырау, Қызылорда және Семей.
  • 05300 төсекке арналған көпбейінді ауруханалар: Өскемен, Абай және Түркістан.
  • 06325 төсекке арналған жұқпалы аурулар ауруханасы мен мамандандырылған корпустар (Жамбыл облысы).

Сонымен қатар, 25 амбулаториялық-емханалық нысан, аудандық ауруханалар, жедел медициналық жәрдем нысандары, қан орталықтары және басқа да мамандандырылған мекемелер бой көтереді.

Министрдің мәлімдемесі

«Нәтижесінде шамамен 1,8 млн шаршы метр медициналық инфрақұрылымды құру және жаңарту, стационарлардағы төсек санын 9,2 мыңға ұлғайту және жаңғырту, сондай-ақ амбулаториялық көмек қуатын ауысымына 5,3 мыңнан астам келушіге көбейту жоспарлануда», — деді министр Ақмарал Әлназарова үкіметтің бүгінгі отырысында.

Айта кетері, Тоқаев келесі жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды. Осы бастамаға «Халықтық құрылыс» деген атау берілді.