Халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Қазақстанға Вьетнамнан экстрадицияланды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Тергеу бойынша 2022–2023 жылдары күдікті сыбайласымен бірлесіп Алматы қаласының аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, 12 миллион теңгеден астам қылмыстық пайда тапқан.
«Қылмыс жасағаннан кейін сыбайластың біреуі қылмыстық жауаптылыққа тартылған, екіншісі қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, оған іздеу жарияланған», - деп жазылған хабарламада.
Биыл ақпанда ол Вьетнам аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауымен Қазақстанға экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Мұндай қылмыс үшін мүлкін тәркілеп, 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
