Оралда Халық қаһарманы Иван Степанович Гапичті ақтық сапарға шығарып салды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Иван Гапич 103 жасында өмірден өтті. Соғыстан кейін ол ұзақ жылдар бойы прокуратура органдарында қызмет атқарды.

Көрнекті тұлғамен қоштасу рәсіміне Қазақстан Республикасы бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев арнайы қатысты. Ол бас прокурордың атынан Иван Степановичтің отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

"Иван Степановичтің есімі отандық прокуратура тарихында ерлік пен мемлекетке адал қызмет етудің, өз ісіне шексіз берілгендіктің символы ретінде мәңгі сақталады", – деді Қойгелдиев.

Халық қаһарманымен қоштасу рәсіміне қала тұрғындары да келді. Иван Гапич әскери оркестрдің сүйемелдеуімен соңғы сапарға шығарылды. Сарбаздар оның құрметіне аспанға үш рет оқ атты.