Мәжіліс депутаттары «Теңізшевройл», «Қазақмыс» пен «Қазмырыш» сияқты ірі компанияларды өз есептерін жариялауға міндеттеуді ұсынды. «Ақ жол» фракциясының пікірінше, бұл компаниялар ЖШС болғандықтан, жер қойнауын қалай игеріп жатқанын қоғам бақылай алмайды, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.

Депутаттық сауалда мұндай компаниялар акционерлік қоғамдардан (АҚ) өзгеше, тек өздерінің меншік иелеріне ғана есеп беретіні айтылған. Олар Конституцияда жер мен оның қойнауы халыққа тиесілі екені бекітілгенін еске салды.

Осыған байланысты партия екі нақты ұсыныс жасады:

«1. Мұнай-газ және тау-кен металлургия саласындағы табысы 3 млн АЕК-тен (12,9 млрд теңге) асатын барлық ірі жер қойнауын пайдаланушыны ақпаратты жария компаниялармен бірдей стандартта ашуға міндеттеу.2. Жаңадан құрылатын өндіруші компанияларды тек акционерлік қоғам (АҚ) ретінде тіркеуді талап ету.»