«Челси» бас жаттықтырушысы Хаби Алонсо Михаил Мудриктің алаңға оралуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Украиналық футболшы 2024 жылдың қарашасынан бері алғаш рет лондондық клуб сапында ойнады. Ол «Ювентуспен» өткен жолдастық кездесуде 82-минутта алаңға шықты. Бұл ойын ағылшын командасының 0:1 есебімен жеңілуімен аяқталды.

Алонсоның айтуынша, ол ойын алдында 25 жастағы вингерге шамамен 10–15 минут ойын уақытын беруді жоспарлағанын ескерткен.

«Әрине, мен ол үшін қатты қуаныштымын. Клубтағы барлығы үшін оның оралуын көру өте эмоциялық сәт болды. Әсіресе, ойын алдында оған 10-15 минут беруді жоспарлап тұрғанымды айтқан кезде. Ол қатты толқыды», – деп Алонсоның сөзін football.london цитаталайды.

Испаниялық маман футболшының алаңға оралуы оның өзі үшін де, бүкіл команда үшін де маңызды сәт екенін атап өтті.

«Осындай ұзақ кезеңнен кейін қайтадан алаңға шығу – ол үшін тамаша сезім. Біздің барлығымыз үшін де бұл өте жағымды болды», – деп қосты жаттықтырушы.

Мудрик соңғы рет «Челси» сапында 2024 жылдың қарашасында «Хайденхаймға» қарсы Конференциялар лигасының матчында ойнаған. Сол жылдың желтоқсанында футболшы допинг-сынамасы оң нәтиже бергеннен кейін уақытша шеттетілді. Кейін ол төрт жылға дисквалификация алды. Алайда осы жылдың шілде айының соңында антидопингтік іс аяқталып, украиналық ойыншы бірден жарыстарға қайта қатысу құқығына ие болды.

«Ювентуспен» матч қарсаңында Алонсо Мудриктің «Челсидегі» болашағы туралы түпкілікті шешім әлі қабылданбағанын мойындады. Жаттықтырушының айтуынша, футболшы ұзақ уақыт жеке жаттыққан, сондықтан клуб оны командадағы толыққанды жұмысқа біртіндеп қайтаруды жоспарлап отыр.

Туриндіктермен ойында Мудрик шабуылдың сол қанатында ойнады. Ол алаңға шыққаннан кейін 65-минутта ауыстырылған «Қайрат» экс-ойыншысы Дастан Сатпаев ортаға жылжыды. «Ювентустың» жалғыз голын 68-минутта Эдон Жегрова соқты.

«Челсидің» келесі маусым алдындағы ойыны 8 тамызда Джакартада «Миланға» қарсы өтеді.