Белгілі журналист әрі медиаменеджер Мәди Манатбекұлы Stan.kz ақпарат агенттігінің кеңесшісі қызметіне келді, деп хабарлайды Qazaqyia.KZ ақпарат агенттігі.
Мәди Манатбекұлы журналистік жолын «Нартәуекел» газетінен бастап, кейін «Шымкент келбеті» газетінде және «Отырар» телеарнасында тележүргізуші, автор-редактор әрі продюсер ретінде танылды.
Ол 2001–2008 жылдары «Астана» телеарнасында жаңалықтар, спорт және сараптамалық бағдарламаларды жүргізіп, «31 арнада» тілші болып жұмыс істеді.
2008-2010 жылдары «Хабар» агенттігінде жаңалықтар жүргізушісі болса, 2010–2013 жылдары «Қазақстан» РТРК басқарма төрағасының орынбасары лауазымына дейін көтерілді.
Кейінгі жылдары «BAQORDA Media Group», «Қазақ радиолары», «Отандастар қоры» және «Астана радиосы» сияқты ірі ұйымдарда басшылық қызметтер атқарды.
Сонымен қатар 2021 жылы Шымкент қаласының Ішкі саясат басқармасын басқарып, 2024 жылы елімізде өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының идеология жөніндегі кеңесшісі болды.
