«Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Хааланд әлеуметтік желіде жаңа қысқа шаш үлгісін көрсетті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Норвегиялық футболшы өзінің жаңа имиджін жанкүйерлерімен бөлісті. Ол «жаңа маусым, жаңа шаш үлгісі» деп жазды.
Хааланд бұған дейін де шаш үлгісін жиі өзгертіп, жанкүйерлерін таңғалдырып жүрген. Бұл жолы ол өте қысқа шаш үлгісін таңдады.
