БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутеррештің ресми өкілі Стефан Дюжаррик брифинг барысында бас хатшы Украинадағы қақтығысты реттеуге ықпал етуді жалғастыратынын мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Бас хатшы қолынан келгенше жәрдем көрсетуді жалғастырады», — деп жауап берді Дюжаррик журналистердің Украинадағы жанжалды реттеу жөніндегі сұрағына.
Сонымен қатар Дюжаррик Гутеррештің іс-әрекеті БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарларына, халықаралық құқыққа және Украинаның аумақтық тұтастығы қағидатына сәйкес болатынын мәлімдеді.
Бұған дейін Дюжаррик Гутеррештің Ресей және Украинамен байланыс орнатып отырғанын мәлімдеген еді.
Қыркүйекте АҚШ Украинадағы жанжалды реттеу бойынша делдалдық әрекетті күшейтті.
АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф пен президенттің күйеу баласы Джаред Кушнер Мәскеу мен Киевке барып, жанжалды аяқтаудың ықтимал жолдарын талқылады.
АҚШ тарапы сондай-ақ Ресей, АҚШ және Украина арасындағы үшжақты келіссөзді қайта бастауды ұсынды.
