Гватемалада 15 жастағы қызды жерлеуге дайындық кезінде оның тірі екені анықталған. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жергілікті Prensa Libre басылымының хабарлауынша, қызды жерлеуге дайындық кезінде табыттың ішінде қозғалғаны байқалған. Қыз есінен танып қалған соң әкесі оны ауруханаға алып бара жатқанда тынысы мен тамыр соғысын байқамаған.

Алайда дәрігер жасөспірімді тексермеген. Қоштасу рәсімі кезінде туыстары табыт ішіндегі қыздың қимылдағанын байқап, оның сыртқа шығуына көмектескен.

«Жүрегім қатты ауырып, кеудемді ауырлық басты. Содан кейін есімнен танып қалғандай болдым», – деп сол сәтті еске алды Юлейди.