Астанадағы «Болашақ ойындары» аясында фиджитал-дэнсинг жарыстары басталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жарыс жолына 15 елдің өкілі шықты. Олардың ішінде қазақстандық Гүлнәз Аманғали да бар.
Қатысушылар Just Dance ойыны негізінде экрандағы биді қайталап шығуы қажет. Ал компьютер әрбір бишінің қимылына баға береді.
Аманғали өз қарсыласына 1:2 есебімен ұтылып қалды. Бірақ жарыс жолын жалғастыра береді.
«Бұл жерде бір көбірек ұпай жинаған адам ұтады. Бірінші биде жақсы көретін картам болды. Ал үшіншісінде жақсы билеген сияқты болдым. Оның бәрін техника санайды ғой», - дейді ол.
Оның айтуынша, жарысқа фиджитал-дэнсингте тәжірибелі бишілер қатысып жатыр. Ал Гүлнәз өз дайындығын бір ай бұрын ғана бастаған.
Айта кетері, бүгін іріктеу кезеңі өтеді. Жарыстың сыйақы қоры - 75 мың доллар.
