Грекияның астанасы Афинадан батысқа қарай 65 шақырым жерде орман өртін сөндіру кезінде екі тікұшақ ауада соқтығысты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиғаның видеосында бір тікұшақ екіншісінің пропеллеріне соғылып, ол жалынға оранғаны көрінеді. Екеуі де шатқалға құлады. Грекия БАҚ-тың хабарлауынша, экипаждың төрт мүшесінің екеуі есін жоғалтқан күйі табылды, қалғандары жеңіл жарақат алды.

Осы аптада Грекияда бірнеше өрт шығып, көптеген адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Күшті жел өртті бақылауға алуды қиындатып отыр.

Басқа да бірнеше еуропалық ел ыстық толқындардың салдарынан орман өрттерінен зардап шекті. Апта басында Франция мен Испанияда ірі өрттер болды - негізгі екеуі Мадрид пен Бордоға жақын жерде. Олар қазір бақылауға алынғанымен, әлі де жанып тұр. Эвакуацияланған 300 мыңға жуық адам үйлеріне қайта бастады.

Грекия БАҚ-ы Порто Гермено, Псата, Фокида, Мегара және Кефалонияны қамтитын аумақта "титандық шайқас" жүріп жатқанын хабарлайды, онда 500-ден астам өрт сөндіруші соңғы 72 сағат бойы жағдайды бақылауға алуға тырысуда.

Өрт сөндіру қызметінің мәлімдеуінше, ауадағы соқтығысу "Псата аймағындағы орман өртін сөндіру операциясы кезінде" болған.

Грекия БАҚ-ның хабарлауынша, экипаж мүшелері - екі грек және екі румын - 251-ші Әуе күштерінің бас ауруханасына жеткізілді.

Орман өрттерінің көпшілігі адамдардан туындайды, бірақ климаттың өзгеруі олардың пайда болу жағдайларын жиілетеді. Өткен қыс жұмсақ және ылғалды болып, өсімдіктердің өсуіне ықпал етті, содан кейін олар ыстық кезеңдерде кеуіп, өртке жанармайға айналды.