Германияның Дортмунд қаласында өткен грек-рим күресінен Гран-при халықаралық турнирінде Қазақстан ұлттық құрамасы топ жарды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ұлттық Олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, қазақстандық балуандар аталған турнирде 6 алтын, 4 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды.
Алтын медаль иегерлері
Алтыннан алқа таққан спортшылар:
- 01Арсен Жұма (55 келіге дейін)
- 02Айбек Айтбеков (60 келіге дейін)
- 03Айдос Сұлтанғали (63 келіге дейін)
- 04Бағдат Сабаз (67 келіге дейін)
- 05Юсуф Ашрапов (72 келіге дейін)
- 06Мерей Мәулитқанов (77 келіге дейін)
Күміс және қола жүлдегерлер
Күміс медальға ие болғандар:
- 01Дәулет Әшірханов (63 келіге дейін)
- 02Алматбек Аманбек (72 келіге дейін)
- 03Ибрагим Магомадов (82 келіге дейін)
- 04Джохар Узаров (130 келіге дейін)
Қола жүлдегерлер:
- 01Аманғали Бекболатов (60 келіге дейін)
- 02Ғалым Қабдунасаров (63 келіге дейін)
- 03Мәди Данелов (72 келіге дейін)
- 04Омар Сатаев (82 келіге дейін)
- 05Диас Кален (87 келіге дейін)
Осылайша Қазақстан құрамасы жалпы медальдық есепте көш бастады.
