Ғылым және жоғары білім министрлігі грант конкурсына құжат қабылдау тәртібін түсіндірді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Құжаттар 13-20 шілде аралығында қабылданады. Министрлік мамандарының айтуынша, құжаттарды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы офлайн (виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы онлайн) немесе eGov арқылы онлайн тапсыруға болады.

Грант конкурсына қатысу үшін қажетті құжаттар: - жеке куәлік; - ҰБТ сертификаты; - 3х4 көлеміндегі фото; - орта білім туралы аттестат немесе колледж түлектері үшін диплом; - жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар; - "Ұшу аппараттарын және қозғалтқыштарды ұшырып пайдалану" мамандығы үшін дәрігерлік ұшу-сараптамалық комиссиясының медициналық қорытындысы қажет.