Google-ты Android құрылғыларындағы әдепкі іздеу мүмкіндігіне байланысты Швейцария реттеушісі тексеріп жатыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Швейцарияның бәсекелестік комиссиясы (COMCO) Google-дың Android операциялық жүйесінде өз іздеу жүйесін әдепкі етіп орнатуы бәсекелестікке қайшы келуі мүмкін деп күдіктенеді. Тергеу Google-дың нарықтағы үстем жағдайын теріс пайдалануына байланысты жүргізілуде.