Google ғарышта жасанды интеллект чиптерін алғаш рет сынақтан өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бастама Project Suncatcher деп аталады. Аталған жоба аясында компания жасанды интеллект чиптерін ғарыш кеңістігінде сынауды көздеп отыр.
Бұл — Google-дың AI чиптерін ғарышта сынауға бағытталған алғашқы қадамы. Жобаның толық мәліметтері мен мерзімдері әзірге жарияланбаған.
