Google компаниясы Еуропалық Одақтың талаптары бойынша өз платформасын AI және іздеу жүйелері бойынша бәсекелестерге ашуы керек. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

ЕО-ның бұл шешімі Google-дің нарықтағы үстемдігін шектеуге және бәсекелестікті арттыруға бағытталған. Өзгерістер Google-дің іздеу жүйесі мен AI қызметтеріне қатысты болады.