Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Дакарда (Сенегал) IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысып жатқан қазақстандық спортшылармен жүздесті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
ҰОК баспасөз қызметінің мәліметінше, Головкин жас спортшылармен және бапкерлер құрамымен әңгімелесіп, оларға қолдау көрсетті.
Сондай-ақ ол маусымның басты додасында сәтті өнер көрсетуіне тілектестік білдірді.
IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы Дакарда өтіп жатыр. Қазақстандық спортшылар бұл додада ел намысын қорғауда.
