Адольф Гитлердің Альпідегі «Қыран ұясы» деп аталатын тау басындағы резиденциясы жұма күні түнде өртке оранды, полиция 33 жастағы ер адамды күдікті ретінде ұстады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Кельштайнхаус деп аталатын бұл резиденция Бертехсгаден қаласының үстінде орналасқан. Ол Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде нацистік диктатор мен оның жақтастары пайдаланған аймақтағы бірнеше ғимараттың бірі болды.
Гитлер бұл аймақты өзін жануарлар мен табиғатты сүйетін адам ретінде көрсететін пропагандалық фильмдер үшін де пайдаланған.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары нысанның «негізінен қирағанын» хабарлады, халықты аймақтан аулақ болуға шақырды.
