Гиндукуш таулы аймағында күшті жер сілкінісі болып, Ауғанстан мен Пәкістанның көптеген аймақтарында сезілді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жер сілкінісінің дәл магнитудасы мен эпицентрі туралы мәліметтер әлі нақтыланбаған. Қазіргі уақытта құрбандар мен зардаптар туралы ақпарат жиналуда. Аймақтағы билік өкілдері жағдайды бақылап, қажетті шараларды қабылдауда.