Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес батырдың құрметіне Ішкі істер министрлігінің «Халық қаһарманы Ғазиз Байтасов» ведомстволық медалі тағайындалды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Алғашқы медаль естелік ретінде батырдың жұбайы Гүлжамал Тәжиеваға табысталды. Бұдан былай бұл медальмен қызметтік міндетін атқару кезінде батылдық пен ерлік көрсеткен ішкі істер органдарының қызметкерлері марапатталатын болады.
Ғазиз Байтасов – 2011 жылы Тараз қаласында лаңкесті тоқтату кезінде қызметтік борышын орындап, ерлікпен қаза тапқан полиция капитаны. Ерлігі үшін оған қайтыс болғаннан кейін «Халық қаһарманы» атағы берілді.
Нағыз батырлардың есімі ешқашан ұмытылмайды. Олардың ерлігі ел жадында мәңгі сақталып, халық жүрегінен орын алады.
