Британия Корольдік әуе күштерінің басшысы ғарышта бұрын-соңды болмаған қауіп төніп тұрғанын ескертті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оның айтуынша, бұл қауіп біз сүйенетін спутниктерге — байланыс, интернет, банк аударымдары және satnav қызметтеріне — жойқын әсер етуі мүмкін.
Қорғаныс саласындағы дереккөз BBC қорғаныс тілшісі Джонатан Билге Британия қарсылас мемлекеттің спутниктік байланысын бұғаттау немесе кедергі келтіру үшін жердегі жүйені қолданғанын айтты.
Бил ғарышта қазір жаңа қарулану жарысы жүріп жатқанын түсіндіреді.
