Германияда биыл ыстықтан 9800 адам қайтыс болды, бұл 2016 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Роберт Кох атындағы Неміс институты (RKI) мәліметінше, 2026 жылдың ең ауыр кезеңі маусым айының екінші жартысы болды, көптеген аймақтарда температура +40°C-қа жетті. Осы кезеңде 5 мыңнан астам өлім тіркелген.

«Ыстықтан қайтыс болғандардың 7880-і 75 жастан асқан адамдар. Сондай-ақ, қайтыс болғандар арасында әйелдер ерлерге қарағанда көп. Дегенмен, бұл әйелдердің егде жастағы топтардағы үлесінің жоғары болуымен түсіндіріледі. RKI деректері бойынша, алдыңғы максимум 2018 жылы тіркелген, сол жылы ыстықтан 8900 адам қайтыс болған», — делінген институт есебінде.

Мамандар ыстықтың тікелей өлім себебі болуы сирек екенін атап өтеді. Әдетте, өлім жоғары температура мен созылмалы аурулардың үйлесуінен болады.

Дәрігерлер медициналық мекемелерде салқындату жүйелерін жаңғырту қажеттігін айтады. Қазіргі уақытта Германия клиникаларындағы палаталардың аз ғана бөлігі кондиционермен немесе басқа салқындату құралдарымен жабдықталған.

Бұған дейін «Курсив» Еуропадағы ыстық апта ішінде 12 мыңнан астам адамның өліміне себеп болуы мүмкін екенін жазған.