Германия украиналық азаматты Nord Stream газ құбырларындағы жарылыстарға қатысты айыптады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Германияның федералды прокуроры Nord Stream 1 және Nord Stream 2 құбырларына шабуыл жасады деген күдікпен украиналық азаматқа қатысты айып тағылғанын растады. Айыпталушының есімі әзірге жарияланбады. Бұл іс 2022 жылғы қыркүйекте Балтық теңізіндегі газ құбырларының зақымдануына байланысты тергеудің бір бөлігі болып табылады.
