Германия Украинаны әскери қолдаудың кезекті пакеті аясында НАТО елдері арасында ең үлкен жеке жарна енгізуге ниетті, деп мәлімдеді ГФР қорғаныс министрі Борис Писториус. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Маусым айында Politico газетінің еуропалық басылымы Солтүстік Атлантикалық Альянс мемлекеттерінің дипломаттарына сілтеме жасай отырып, НАТО мүшелері Украинаға 70 миллиард еуроға әскери көмек көрсету бойынша жаңа ақшалай міндеттемелерді талқылап жатқанын хабарлады.
"Ол (ГФР үлесі - ред.) ең үлкен жеке жарна болатыны сөзсіз", - деді Писториус Bild газетіне берген сұхбатында ГФР қатысу мөлшері туралы сұраққа. Оның айтуынша, Киев қаржыландыруды тек ЕО несиелері арқылы ғана емес, сонымен қатар "жаңа қолдау қорынан" да алады деп күтеді.
"Бұл жалпы сомасы 70 миллиард еуро туралы", - деп растады Писториус.
Ресей СІМ-нің ресми өкілі Мария Захарова бұған дейін Германия Украинадағы қақтығыстың басты демеушісіне айналғанын айтқан болатын.
