Германия сыртқы істер министрі Йоханн Вадефуль Еуропаның алдында Украинадағы қақтығыс бойынша келіссөздің басталуына жәрдемдесу міндеті тұрғанын мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Вадефуль RedaktionsNetzwerk Deutschland (RND) медиа тобына берген сұхбатында: «Соңғы уақытта АҚШ-тың Украина мәселесіне қатысуы бәсеңдеді. Сондықтан біз, еуропалықтар, бұл мәселеге араласуға мүмкіндік алып қана отырған жоқпыз, сонымен қатар алдымызда нақты міндет тұр», – деді.
Болашақ келіссөз форматы туралы айта келе, министр Германияның белгілі бір қатаң ұстанымдарға байланбайтынын, серіктестерінің пікірін ескеретінін және жалпы еуропалық мүдделерді назарға алатынын атап өтті. Вадефульдің айтуынша, басты мақсат – диалогқа жол табу.
