Қазақстан үкіметі геологиялық барлау жұмыстарына 470 млн долларға жуық инвестиция салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Үкіметтің мәліметінше, бұл қаражат жаңа кен орындарын ашу және елдің минералдық-шикізат базасын кеңейту үшін жұмсалады. Инвестициялар 2026-2028 жылдар аралығында игерілетін болады.

Қаржыландыру негізінен мемлекеттік бюджеттен бөлінеді, сонымен қатар жеке инвесторларды тарту жоспарлануда. Барлау жұмыстары еліміздің әртүрлі аймақтарында, соның ішінде сирек кездесетін металдар мен көмірсутектерді іздеуге бағытталады.

Үкімет өкілдерінің айтуынша, бұл шаралар экономикалық өсуді ынталандырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді. Сонымен қатар, геологиялық барлау жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін заманауи технологиялар мен әдістер қолданылатын болады.